"Алтын бесік"

Дала зиянкестерімен күрес

Written by Aray2005

Жыл сайын Байзақ ауданы аумағында өсімдіктердің аса қауіпті көпқоректі зиянкестері – марокко шегірткесі мен итальян прусына қарсы республикалық бюджет есебінен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Осы жылы Марокко шегірткесіне қарсы 200 гектар, итальян прусына қарсы 1400 гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оның 600 гектары жер үсті тәсілі, 800 гектары әуе ұшағы арқылы өңделді.
Ауданда кездесетін көкөніс және басқа да бау-бақша дақылдары зиянкестерінің түрлері сан алуан. Қазіргі таңда диқандар өрмекші кене, темекі трипсі, бақша бітесі, колорадо қоңызы секілді жаздың аптап ыстық кезеңінде көбейетін зиянкестермен күрес жүргізіп жатыр.
Жалпы барлық шаруашылықтар, жеке және заңды тұлғалар, ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер Үкіметтің өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині туралы жарлығы мен уәкілетті органдардың нұсқауларын орындауға міндетті. Бұл баршаға шарт болғандықтан шаруа адамдар заңды сыйлағаны дұрыс. Біз карантинді нысандарға және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күресте біріксек қана, табысқа қол жеткіземіз.

Раушан ҚОНЫСБАЕВА,
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитетінің Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының басшысы

ПІКІР