Елбасы Жолдауы

«Дамудың діңгегі – тарихи сабақтастық»

Written by Aray2005

Ермекбай Серікбаев,
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
«Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуындағы толайым табыстарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегімен байланыстырады.
Шын мәнінде, дүниежүзіндегі саяси терминология «Назарбаев моделі» деп енген дамудың қазақстандық үлгісі өзінің өзектілігі мен әлеумет әлеуетін арттыруға бағытталуымен құнды. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі ең жоғары мемлекеттік лауазымда Елбасы саясатының сабақтастығын сақтауға айрықша мән берілетінін де атап өтті.
Сондықтан Жолдауда қазіргі тиімді мемлекет қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған инклюзивті экономика, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңі мәселелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Маман даярлаушы құрылымның қызметкері ретінде бізді Мемлекет басшысының «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтуге мән беріп, оның жұмысын жаңа деңгейде жалғастыру қажеттілігіне назар аударғаны қуантты. Сәйкесінше бағдарламаны қаржыландыру көлемінің 20 миллиард теңгеге жеткізілуін жастарға берілген орасан мүмкіндіктің еселенгені деп қабылдадық. Аталған бағдарлама іске асырылған 9 жыл ішінде республиканың түпкір-түпкіріндегі ауылдық елді мекендерге 54 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмысқа жіберілді. Оларға 12,5 миллиард теңге сомасында көтермеақы тағайындалды. «Дипломмен – ауылға» аттанып, баспаналы болуға ниет танытқан 23 500 жасқа 57 миллиард теңге көлемінде тұрғын үй несиесінің берілуі де бағдарлама баян­ды­лы­ғын аңғартады.
Мемлекет басшысы Жолдауында жүктелген жауапкершілігі мол міндеттерді мінсіз атқару білімді ұрпақтың еншісінде екенін ескерген университет ұжымы маман даярлаудағы өз миссиясын абыроймен жалғастыра береді.

ПІКІР