Данияр Елеусінов 60 айқас өткізген мексикалық боксшымен жұдырықтасады

0 0

15 наурызда кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3КО) АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфияда кезекті жекпе-жегін өткізеді.

BoxRec.com келтірген ақпаратқа сәйкес, 2016 жылғы Олимпиада чемпионының қарсыласы – 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО). Алда Елеусіновті 8 раундтық айқас күтіп тұр.

Бұған дейін Даниярдың қарсыласы Карлос Хименес (14-9-1, 8 КО) атты мексикалық деп күтілген еді. Алайда ол Елеусіновпен бокстасудан бас тартып, оның орнына қазақстандық Батыр Жүкембаевпен (14-0, 12 КО) қолғап түйістірем деп шешкен.

Еске сала кетсек, былтыр Монакодағы бокс кешінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов бесінші жекпе-жегін никарагуалық Маркос Мохикамен өткізіп, қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.