Жамбыл жаңалықтары

«Даңқ залы» даңқымызды арттырады

Тараз қаласындағы қайта жаңғырған «Жеңіс» саябағында «Даңқ залының» құрылысын жүргізу жоспарлануда. Кеше облыс әкімдігінде өткен жиында аталмыш нысанның нақты сызбасы бекітілді.

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовке жобаны таныстарған «BS ARCHI GRUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бақытжан Сыздықовтың сөзіне сүйенсек, «Даңқ залы» екі қабаттан тұрады екен.

– Жоспар бойынша Бауыржан Момышұлы атындағы мұражай нысанның екінші қабатында орналасатын болады. Мұражайға Батыр Баукеңе қатысты барлық эспонаттарды қою көзделуде. Ал, төменгі қабат әкімшілік бөлім болады. Мұнда да бірнеше орталықтар қызмет көрсетеді деп күтіліп отыр, – деді серіктестік директоры.

Сызбамен мұқият танысып шыққан облыс әкімі жобаға көңілі толатындығын айтып, нысанның бір бөлігінен «Бауыржантану» орталығын құруды естен шығармау керектігін ескертті. Және құрылысты келер жылдың мамыр айына дейін толықтай аяқтауды тапсырды.

Саян Тілеужан

ПІКІР