Дәрі-дәрмек тапшылығы жойылып келеді

0 0

Облыста коронавирус пен пневмонияны емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің тапшылығы мәселесі шешілуде. Бұл мәселе облыс басшылығының тұрақты назарында. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «СК-Фармация» компаниясының өңірдегі өкілдігімен бірлесіп, жетіспеушілігі туындап отырған дәрі-дәрмектер бойынша өтінім жіберген.

Нәтижесінде 9-11 шілде аралығында 98 миллион 383 мың теңгеге дәрі-дәрмектердің ауқымды партиясы жеткізілді. Олар пневмония және COVID-19 вирусын емдеуге арналған.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов атап өткендей, препараттар облыстағы ауруханаларға үлестірілген. Қазіргі таңда дәрі-дәрмектер аудандық медициналық мекемелерге жіберілуде.
Жеткізілген дәрі-дәрмектердің қатарында 1300 ампула антибиотик, 2585 ампула антикоагулянт, 45 170 ампула дәрумен және 1850 ампула дексаметазон бар.
– Бұдан бөлек бірер күнде дәрі-дәрмектердің жаңа партиясының күтіліп отырғанын айтқым келеді. Біз жалпы сомасы 700 миллион теңге болатын дәрі-дәрмекке қосымша өтініш жібердік.
Ірі дәрі-дәрмек жеткізушілерімен тауарларды уақтылы жеткізіп отыру бойынша келісімшарттар жасалған. Мәселен бүгінде «Әмір және Д» дәріханаларына 100 миллион теңгеден астам қаржыға дәрі-дәрмектер әкелінген, – деді М. Жұманқұлов.
Басқа дәріханалар да қажетті препараттармен қамтамасыз етілетін болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.