Дәрігерлердің орташа жалақысы 210 мың теңге болады

0 4

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың  қатысуымен  2020 жылғы жұмыстың қорытындысы мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша ведомствоның кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі ресейлік «Спутник V» вакцинасы рекордтық мерзімде сатып алынғанын еске салды. Бүгінде ол Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілуде. Отандық тауар бекітілген кестеге сәйкес – биыл 24 ақпаннан жеткізіледі. Сонымен қатар, биыл сәуір айында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген – отандық «QazCovid-in» вакцинасын қолдану жоспарланған.

“Төтенше жағдай кезінде заманауи қорғаныс құралдарын енгізу және олардың терроризмге қарсы тұрақтылығын арттыру арқылы  биологиялық қорғайтын жүйелерді жетілдіру қажет болды. Осыған байланысты, 2021 жылы  “Биологиялық қауіпсіздік туралы” заң әзірлеуіміз керек”, – деді Денсаулық сақтау министрі.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін пысықтауда», – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Осылайша, 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болады. 2023 жылы 561 мың теңгеге дейін жетеді. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді.

Коронавирус инфекциясы пандемиясы кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне ҚР Үкіметінің шешімімен материалдық қолдау көрсетілді. 3 тәуекел тобына 116 млрд теңге көлемінде үстемақы төленді.

Үстемақымен қатар, Мемлекет басшысының шешімі арқасында 9 мыңнан астам науқас медициналық көмек үшін  әлеуметтік төлем алды.

«2021 жылы денсаулық сақтау субъектілерінің негізгі құралдарын жаңарту мақсатында біз жол картасын іске асыру және 2020-2022 жылдарға арналған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге тариф белгілеу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырамыз», – деді А.Цой.

Өңірлерді саралау барысында мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласы алдыңғы қатарда екенін атап өтті.

 

Денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз қызметі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.