"Көңілашар"

«Дарынның» дарынды бишілері үздіктер қатарында

Written by Aray2005

Би өнері – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән – күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Қазақтың ұлттық би өнерінен халқымыздың тыныс – тіршілігі, табиғатқа көзқарасы, дүниетанымы көрініс тауып, өнердің бір саласы ретінде өркендеп дамуда.Би құдіретіне табыну табиғат берген сыйдан, қанға сіңген асыл қасиет пен тәлім – тәрбиеден бастау алады.

«Талант – тәңір берген сыйлық емес, бұл ең алдымен… төзімділікпен еселенген еңбек», — дейді А.С.Яковлев. Яғни, адам бойындағы таланттың дұрыс қалыптасып шарықтауы үшін ерен еңбек керек екенін мойындауымыз керек. Бұған дәлел: «адам бойындағы талант жиырма пайыз дарын, қалған сексен пайыз еңбекпен келеді» деген сөз. Сондықтан біз оқушылар бойында биге деген қызығушылығын арттыруымз қажет. «Бұлақ көрсең, көзің аш» демекші, біз тұлғаның ерте кезінен бастап қай салаға бейім болса, сол салада көбірек еңбектеніп ізденуіне жағдай жасауымыз керек. Осы қағидаға сүйене отырып, ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп – интернатында бірнеше үйірме жұмыс жасайды. Солардың бірі – «Би» үйірмесі.

Би үйірмесінің мақсаты – эстетикалық тәрбие беру, оқушыларды би өнеріне баулу. Сондай –ақ қимыл-қозғалыс арқылы өзінің ішкі жан дүниесіндегі сезімдерді көрсете білуге дағдыландыру. Ұлттық бимен қатар халық билері жайлы толық мағұлмат бере отырып, оның түрлерімен таныстыру. «Дарын» мектеп – интернатында «Би» үйірмесі жақсы жолға қойылған, сондықтан да көрсетіп отырған жемісі ауыз толтырып айтарлықтай. Сабақтан тыс шығармашылық кештерде үйірме мүшелері көпшілікке көптеген ұлттардың, би үлгілерін көрсетіп насихаттауда. «Дарын» мектеп – интернатының «Дарынды» бишілер тобы 2018 оқу жылының 6  жұлдызында құрылды. «Дарынды» бишілер ансамблінің жетістіктері өте көп. Атап айтатын болсам: «Қош келдің, құтты Наурызым!» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқауының Бас жүлде, «БИ» номинация иегері, «Жарқын болашақ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен «Қазақтың дана Қадірі» тақырыбы аясында өткен «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында «хореография» жанры бойынша өнер көрсетіп, ерекше көзге түскені үшін І дәржелі Диплом иегері, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқауының Бас жүлде, «БИ» номинация иегері, Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен «БИ — БАТЛ» байқауына қатысып «БИ – БАТЛ 2019» ІІ орын дипломымен марапатталды, 2019 жылы Алматы қаласында өткен «Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындауда Ресупбликалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауы «Хореография» номинациясы бойынша І орын диплом және сыйлық жүлдесін иеленді. «Дарынды» бишілер ансамблінің мақсаты – биші болу емес, би өнерінің құдыретін түсіну, нәзіктікке, эстетикалық сұлулыққа дағдылану. «Дарынды» бишілер ансамблі алдағы уақытта да қыз балалардың тәрбиесінде маңызды рөл атқаратыны анық.

Айдын Шілтаева, 

облыстық ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп интернаты «Би» үйірмесінің жетекшісі

ПІКІР