Жамбыл жаңалықтары

Дәулет Төлендіұлы «Қазақстан журналистер одағы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

Written by Aray2005

«ARAI» газетінің Директор-Бас редакторы Дәулет Төлендіұлы «Қазақстан журналистер одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. 

Еңбек  жолын облыстық “Арай” жастар газетінде бастаған Дәулет Төленді Тараз қалалық “Жамбыл Тараз” газетінде де біліктілігімен көзге түскен болатын.  Одан кейін “Арай” жастар газетінде де бас редактордың орынбасары қызметін атқарып, басылымның жаңа бағыт алып, оқырмандарының көбеюіне  үлес қосты.

Бұдан бөлек, бірнеше республикалық басылымдарда еңбек еткен ол қаламы қарымды журналист екенін дәлелдеді. Сонымен бірге  біршама уақыт Астана қаласында Ішкі істер министрлігі Медиа орталығында бас директордың орынбасары, облыстық «Ақ  жол» газетінде бас редактордың орынбасары қызметінде де болды.

ПІКІР