Қоғам

Дауыс беру талаптары түсіндірілді

Written by Aray2005

Талас ауданы, Қаратау қаласындағы Балалар өнер мектебінде аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің басшысы және аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының төраға, орынбасар, хатшыларының қатысуымен кеңейтілген семинар-кеңес өтті.

Басқосу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері және аудан әкімінің орынбасары заң талаптарына сәйкес сайлау науқаны барысында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, сайлаушылармен орын алған түсінбеушілік жағдайларды дер кезінде қалпына келтіру шаралары туралы кеңес берді.
Сонымен қатар аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан дайындалған сайлау науқаны барысында учаскелік сайлау комиссиялары тарапынан атқарылатын шаралар туралы бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.
Аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Ғ.Тоқмырзаев халыққа қызмет көрсету орталығы мен учаскелік сайлау комиссияларымен кері байланыс алгоритмі, сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған орынды жарықтандыру, сайлаушылардың тізімдерімен таныстыру, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері, дауыс беру уақыты және орны, дауыс беруді ашу, ұйымдастыру және өткізу хақында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Көшербаев семинарды қорытындылап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға заң талаптарына сәйкес жауап берді.
Талас ауданы

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

ПІКІР