Қоғам

Дені сау ұрпақ – ұлт келешегі

Written by Aray2005

Жастар – елдің ертеңі. Ал дені сау, зиянды әдеттерден ада жастар қоғамның байлығы. Сондықтан біз күнделікті жұмысымызда жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырамыз.

Өзім Тараз қаласындағы Төле би атындығы №8 гимназияның дене тәрбиесі пәнінің мұғалімімін. Күнделікті жұмысым спортқа икемі бар жастарды оқушылар арасынан іріктеп алып, футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ сынды ойындарға баулу. Егер білімгердің бойынан талантын тани қалсам, бірден сол спорт түрі туралы мол мағлұмат беріп, жеке әңгімелесемін. Сондай-ақ жеңіс тұғырынан көрінген толағайлардың өмірлік тәжірибесін мысал етемін. Бұл жас өскін үшін жеңіске жетудегі алғашқы қадамдар болуы мүмкін. Себебі адам өзі сүйген спорт түрі туралы көбірек білсе, болашағы үшін бағдаршам болары даусыз. Бұл өмір тәжірибесінде дәлелденген дүние.
Сондықтан мектеп оқушыларының ата-аналарын балаларын жастайынан спортқа икемдеп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етуге шақырамын.

Қайрат Бултанкулов,
Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 гимназияның
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

ПІКІР