Диагноз

Денсаулық – басты байлық

Medicine doctor hand working with modern computer interface as medical concept
Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Басқарма басшысы медицина саласында былтыр атқарылған жұмыстарға тоқталып, биылғы міндеттер турасында баяндады.

Облыста Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары мен қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жүйелі жұмыстар атқарылған. Соның нәтижесінде орташа өмір сүрудің көрсеткіші
5 жыл ішінде 71,1-ден 72,3 жасқа дейін өскен екен. Бүгінге дейін емдеу мекемелеріне 612 бірлік қажетті медициналық техника сатып алуға жергілікті бюджет есебінен 2 147 миллион теңге бөлініп, 253 миллион теңгеге 27 автокөлік сатып алынған.
– Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жылы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйым қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндеттелген болатын. Осы орайда 2 219 учаскелік медицина қызметкері жаңа технологиялар бойынша оқытылып, 20 пайыз үстемақы алады.
349 228 мың теңге көлеміндегі қаражат әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленеді. Бүгінгі таңда облыс бойынша «Ауруларды басқару бағдарламасы» бойынша оқытылғандар саны – 371, бұл 12,8 пайызды құрап отыр. 2019 жылдың 1 қантарынан бұл бағдарлама бойынша оқытылғандарға 20 пайыз үстемақы төленуде, – дейді Марат Сейтбекұлы.
Брифинг соңында басқарма басшысы журналистер тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.

Елдар Боранбек

ПІКІР