Дінің тұрсын дін аман!

0 3

Тараз қаласының әкімдігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы облыс бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 1 шілде күндері деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған қала имамдарына және дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған 2 күндік семинар-тренинг өтті.

Аталған семинар-тренингке «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпхан және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев шақырылды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында дінтанушы, теолог мамандармен, мешіт жамағаттарымен, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың дін саласына жауапты қызметкерлерімен, түзету мекемелерінде кездесулер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«ARAI»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.