Домбыра – асыл мұра

0 82

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі- Домбыра күні болып аталуына орай «Домбыра-асыл мұра» атты күй сағаты өтті. Шараға Тараз қалалық «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелері мен «Болашақ» мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Күй сағатында бұл күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесінің салмақты екенін, қазақтың киесі, қа¬сиеті, қазынасы қара домбыраны насихаттауды ұлт болып жүзеге асыру керектігіміз жайлы кеңінен айтылды. Шараны айтыскер ақын Дидар Апбасов арнаумен ашып, кітапхананың тұрақты оқырмандары Өтелов Әнуарбек халық әні «Бекзатым», Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде», «Болашақ» мектеп-интернатының 4 «А» сынып оқушысы Жұматаев Алмат Серікұлы «Туған жерім тамаша!», Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектеп оқушысы Айдарқызы Әмина «Домбыра күмбезі» әнін нақышына келтіріп орындады.
Сонымен қатар «Болашақ» мектеп-интернатының оқушысы Қыдырбаев Еламан «Қос алқа» күйін, Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектеп оқушылары Мұратқызы Арайлым «Ерке сылқым», Маханбетәлі Ұлдана «Балбырауын» күйін паш етті.
Шара соңында кітап көрме ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.