ДСҰ коронавирустың Уханьдағы зертханадан тарағанына сенбей отыр

0 5

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшылары СOVID-19 коронавирусының (Sars-Cov-2) таралуы жөнінде айтылған төрт нұсқаны зерттеді.

ДДҰ халықаралық сарапшылар тобының жетекшісі Питер Бен Эмбарек Ухандағы баспасөз мәслихатында ғалымдар вирустың зертханадан тарауы екіталай деп санайтынын мәлімдеді.

«Біз вирустың адамға қалай жұққаны туралы төрт болжамды қарастырдық… Біріншісі – жануардан адамға тікелей берілу. Екінші болжам – вирус жануардан жануарға беріліп, бейімделіп, кейін адамға жұғуы. Үшінші нұсқа – азық-түліктен, әсіресе мұздатылған тағамдардан берілуі. Соңғысы – зертханамен байланысты оқиғаның болуы», – деді ол.

Эмбарек сарапшылар барлық нұсқаны мұқият зерттегенін атап өтті. ДДҰ сарапшылары вирустың тасымалдаушылар арқылы жұғуы нұсқасын одан әрі зерттеуге ниетті. Сондай-ақ, вирустың мұздатылған тағамдардың беті арқылы берілу мүмкіндігі де өте жоғары екені айтылды. Бұл вирус алыстан келуі мүмкін дегенді білдіреді. Үшінші, коронавирус жарқанаттан тікелей жұқты деген нұсқа да қалады. Ал зертханадан тарауы, оның айтуынша, екіталай.

«Коронавирустың пайда болу себептерін зерттеу нәтижесі оның жануарлар вирусына ұқсастығына әкеледі. Ол жарқанаттардағы вирусқа да ұқсайды. Бірақ Ухан жарқанаттар мекендейтін ортаға жақын орналаспағандықтан, олардан тікелей берілуі екіталай. Сондықтан біз вирустың тасымалдаушысы бола алатын басқа жануарларды табуға тырыстық.

Зерттеулер вирустың зертханадан тарағаны туралы гипотеза оның адамдар арасында пайда болуын түсіндіруі екіталай екенін болжайды. Сондықтан бұл нұсқа вирустың пайда болу себептерін анықтау үшін жүргізілетін зерттеулерге берілетін ұсыныста қарастырылмайды», – деді ол.

Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы Қытайға аттанды. Бастапқыда оны қытайлық тарап елге кіргізбеген, артынша зерттеу жұмыстарын жасауға рұқсат берді. Мамандар жарқанат резервуары, коронавирус алғаш анықталған базар мен Ухандағы зертханаға барып, әріптестерімен кездесті.

РИА Новости

Leave A Reply

Your email address will not be published.