Екі басты бала

0 7

Пәкістанның Синд провинциясындағы Бадин қаласындағы жеке ауруханада бір әйел екі басты ұл босанды.
Дәрігерлердің айтуынша, анасы да, баласы да сау. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Аға гинеколог Нурсат Бабу Хати ультрадыбыстық сканерлеу кезінде баланың миы екі бастың арасында бөлінгенін анықтаған.
Қазір жаңа туған нәрестенің жағдайы тұрақты деп бағаланады. Дәрігерлер баланың басын ажырату үшін ота жасады. Содан кейін олар жаңа туған нәрестені қосымша тексереді.
Болашақта ақау асқынып кетпес үшін жаңа туған нәресте мен оның ата-анасын дәрігерлер қадағалап тұрмақ.
Бұған дейін де Үндістанның Уттар-Прадештегі Шахджаханпур қаласының тұрғыны сиам егіздерін дүниеге әкелген. Балалардың екі асқазаны бар, ал өзге мүшелері бірге біткен.
Өткен жылдың жаз айында Өзбекстанда екі басты сәби өмірге келген. Сондай-ақ екі басты сиам егіздері Самарқандта да туды. Олар сиам егіздерінің дицефалды парапага деген сирек кездесетін түріне жатады.
Осылайша әлемде адам баласының дүниеге келуіне қатысты таңғажайып оқиғалар тіркелуде. Бұл нені білдірсе керек?

Leave A Reply

Your email address will not be published.