Екі қыз шатқалдағы әткеншектен құзға құлап кетті

0 44

Дағыстандағы Сулак каньонында екі қыз құзға құлап кетті. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Видеодан қыздардың шатқал шетінде орнатылған әткеншекте отырғанын көруге болады. Оларды артынан тағы бір адам итеріп тұр. Бір сәтте әткеншекті ұстап тұрған тізбек үзіліп, олар құзға құлап кетеді.

Полиция мәліметі бойынша, зардап шеккендер ауыр жарақат алмаған. Сондай-ақ, Республиканың Ішкі істер министрлігі «аттракцион» енді жұмыс істемейтінін, оны бұзу туралы шешім қабылданатынын хабарлады.

Жазатайым оқиға дерегі бойынша Дағыстан прокуратурасы тексеріс бастады.

РИА «Дағыстан»

Leave A Reply

Your email address will not be published.