Екпе егу шаралары қарқын алды

0 11

Таразда коронавируске қарсы вакцинациялау қарқыны артып келеді. «Арай», «Даримед» медицина орталықтары мен қалалық №9 емханадағы барлығы 14 пункте егу шаралары қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Ауыл береке», «Бек», «Қайқармет», «Орталық базар» базарлары, «МART», «ФИРКАН» және «SMALL», «Қарлығаш», сауда үйлері, «Халыққа қызмет көрсету орталығы», қаладағы барлық банк мекемелері және нан пісіретін наубайханалар қызметкерлерін вакцинациялау үшін көшпелі бригада ұйымдастырылып, жұмыс істеуде.
Оған қоса қаладағы 11 округ бойынша бас инспекторлар жергілікті тұрғындармен, еріктілермен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазір күніне 2000-ға жуық адам вакцина қабылдауда. Тараз қаласы бойынша 18 жастан асқан барлығы 302 637 адамның 80 пайызы ковидке қарсы вакцинациялауға жатады. Яғни барлығы – 244 375 адам.
Тараз қаласына бөлінген барлығы 137 840 вакцинаның бүгінгі күні І-ші компоненті 66 425 тұрғынға салынған.
Қала бойынша екпеден кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.

Н.СЕРІКХАНҰЛЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.