Ел мұратын еңсерген сындарлы сәт

Жамбылдықтар саяси додада бірлік пен кемелдіктің үлгісін көрсетті

0 3

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев байқаушылармен және аумақтық сайлау комиссияларының басшыларымен кездесті. Аймақ басшысы атап өткендей, сайлау тыныш жағдайда ашық өтіп, заңбұзушылықтар туралы шағым түскен жоқ.

Жалпы облыс бойынша 720 мың сайлаушының 520 мыңға жуығы дауыс беріп, қатысу көрсеткіші 72,2 пайызды құрады. 492 сайлау учаскесіндегі процесті саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және шет мемлекеттерден келген, барлығы 3 мыңнан астам байқаушы бақылады.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің айтуынша, Ұлыбританиядан келген байқаушылар жамбылдықтардың белсенділігі мен тәртібін жоғары бағалап, сайлау комиссияларының кәсібилігін, мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне жасалған жағдайлар туралы айрықша атап өткен.
Айта кетеу керек, мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтті. Сайлауға қатысқан барлық бес саяси институт енді мәслихаттарда ұсынылып отыр. Егер бұрын «Nur Otan» партиясынан басқа барлық партияларға жеті мандат қана тиесілі болса, өткен дауыс беру қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 31-ге дейін артты.
– Өткен сайлау жамбылдықтардың бірлігі мен саяси кемелдігін, олардың Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытына бейілділігін көрсетті. Біздің алдымызда ел дамуының одан арғы векторын айқындайтын ауқымды саяси іс-шаралар тұр. Біз үшін ең бастысы – еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық, қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығы. Сіздердің көпшілігіңіз сайлау процесіне қоғамдық негізде қатыса отырып, жүктелген міндетті жоғары деңгейде орындадыңыздар. Бұл өз кезегінде, сіздердің кәсібиліктеріңізге байланысты болды, – деді Бердібек Сапарбаев.
Өңір басшысы бірқатар байқаушылар мен сайлау комиссияларының мүшелеріне алғыс хат табыс етіп, жұмысы үшін алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.