Қоғам

Елдің жүгін ер көтереді

Written by Aray2005

Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы талай шапқыншылықты, қуғын-сүргінді, аштықты, соғысты бастан өткергенін аңғарамыз. Аталған нәубетті жылдарды айтпағанда, төтеннен келген түрлі дерттердің салдарынан қазақ қалқының саны айтарлықтай сирегені анық. Сондай қиын сәтте халқымыздың тоз-тозы шығып босып кетпеуіне көш бастайтын біртума тұлғалар арқау болғаны анық. Мұны сөз етіп отырған себебім, короновирус пандемиясы елімізді айтарлықтай тығырыққа тіреді. Өз өңірімізде де төтенше жағдай режимі күшейтіліп, карантин жарияланғалы тұрғындардың көкейі күпті күйге түсті. Себебі, жалпақ жұртты «ертеңгі күніміз қалай болады?» деген екұшты сауал алаңдатуда. Бірақ біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ел басқару тәжірибесінде бүгінмен ғана емес, болашақты ойлап іс қылатынын ашық аңғартуда. Мемлекет басшысының ұстанған саясатынан ертеңге деген сенім мол. Халқына жасаған қамқорлығы арқылы біз мемлекеттің ешкімді аштан-аш далаға қалдырмайтынын көріп отырмыз. Оған Президентіміздің халқымыздың әлеуметтік әлсіз топтары үшін жасап отырған түрлі қолдаулары дәлел бола алады. Мәселен, бастапқыда 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдар, ақысыз демалысқа жіберілгендер ғана берілуі тиіс еді. Алайда бұл көмекке Президентіміздің тапсырмасымен мұқтаж азаматтардың кез келгені ие бола бастады. Оның ішінде өзім құралпы студент жастар да бар. Бұдан бөлек, халыққа жіне шағын және орта бизнеске жасалып жатқан басқа да қолдау түрлері жетерлік.
Бұл қасым-Жомарт Кемелұлының елімізде қауіпті індеттің экономикаға, халықтың әлеуметтік тұрмысына тигізгізетін әсерін ескеріп, қолға алған игі ісі деп білемін. Сондықтан елін ойлаған мемлекет басшысына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Осы орайда әрбір азамат мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі қолдауларды сезіне отырып, қиын сәтте ауызбіршілік танытуы керек деп ойлаймын. Ол үшін кез келгеніміз сақтық шараларын барынша ұстанып, карантин режимін бұзбағанымыз абзал. Бұл мемлекеттің, Президентіміздің көрсеткен қамқорлығы мен індепен тікелей алысып жатқан басқа да сала мамандарына деген құрметіміз болар еді.

Нұрдәулет Аутай,
Білім колледжінің І курс студенті.
Тараз қаласы

ПІКІР