Doda Sport

Елдос ерледі!

Written by Aray2005

Франция астанасы Париж қаласында дзюдо күресінен түндігін түрген халықаралық «Grand Slam» турнирі өз мәресіне жетті. Дуы басым бәсекеге Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, жерлесіміз Елдос Сметов те қатысып, күміс медальмен мерейімізді тасытты.

Париж төрінде төселген тата­миде жамбылдық жампоз жа­сындай жарқылдады. Алғашқы бел­де­су­лерінде моңғолиялық балуан­дар­ды алып та, шалып та жығып, шын мықтылығын танытты. Ал ақтық айналымда жапон балуаны Наохиса Такатамен күш сынасқан саңлағымызға сәл сәттілік жолдас болмады. Үш дүркін әлем чемпионы деген атағынан ат үркетін Такатамен Сметов соңғы сәтке дейін барын салып күресті. Алайда соңғы секунд­тарда Наохисаның айы оңы­нан туып, айласын асырып кетті.
Бәсекеден кейін Елдос «instagram» әлеуметтік парақшасы арқылы жанкүйерлеріне алғыс білдірді. «Баршаларыңыздың қол­дау­ларыңыз бен дұға-тілек­те­рі­ңіз­­ге көп рақмет! Әлі де алар асуы­мыз алда. Алла қаласа, әлі алтынның төресін аламыз», – деп пікірін жазыпты.
Біз де Елдостың ел қоржы­ны­на Олимпиада алтынын сала­тын­дай жігері бар екеніне сенеміз. Және мемлекет мақтанышы­ның жеңісті жорығы жалғаса берсін деп тілейміз.

Саятхан Сатылғанов

ПІКІР