Диагноз

Елімізде екі науқас қауіпті індеттен айықты

Written by Aray2005

Кеше елімізде COVID-19 вирусынан емделіп, қатаң карантиндегі ауруханада жатқандардың екеуінің жағдайы тұрақталып, сырқатынан жазылды. Бұл сүйінші хабарды Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы баспасөз мәслихатында еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев тікелей эфир арқылы халыққа жеткізді.

Министр коронавирустан айыққан 2 науқас бүгін ауруханадан шығарылып, үйлеріне жіберілетінін де айтып өтті.
Сондай-ақ ол алдағы уақытта қауіпті індет жұқтырған науқастардың ішінен айығушылар қатары көбейеді деген үмітін де жасырмады.
– Ең алдымен бұл дәрігерлердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстандықтардың атынан медицина саласының және Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Бұл – күндіз-түні тынбай жұмыс істеген дәрігерлердің жеңісі. Кез келген маман үшін ең бастысы – өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді, – деді министр.

ПІКІР