Елімізде қашықтан жұмыс істеу ережесі бекітіледі

0 4

Елімізде өткен жылдың наурызында басталған карантин қашықтан жұмыс істеудің тиімді тұстарын да көрсеткені рас. Енді жұмысты жүргізудің осы түрі заңмен реттелмекші. Бұлайша қызмет атқаруға қатысты түзетулерге жасалған ұсынысты мәжіліс те қабылдады.
Палата отырысында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмилә Нұрманбетова «Бүгінде қызметкерлерді қашықтан жұмысқа ауыстыру – еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттігін көрсетті. Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді.
Уақытша және аралас жұмыс режимін енгізу, жұмыс кестесін, мерзімін, жұмыскердің, сондай-ақ жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу ұсынылады», – деп, заң жобасы қабылданса, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағынан оң нәтиже болатынына сенімін де жасырмады.
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеуді құқықтық жағынан реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алған мәжіліс комитеті қорытындыны 2021 жылдың 22 желтоқсанына дайындауды жоспарлауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.