Елімізде лотерея ойындарына тиым салынады

0 11

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі  отырысында  Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктердің елімізде  лотерея арқылы табыс тауып жатқанына тоқталды.

«Балаларды және құмар ойын ойнайтындарды лотерея ойнатуға, заңсыз ойын бизнесіне тартқан жағдайда осыған жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылуы тиіс. Қажет десе, лицензиядан айырамыз. Қазір осындай заңсыз қызмет үшін жеке тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ғана айыппұл салынады. Шетелдіктердің Қазақстанда құмар ойындарды заңсыз өткізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салу керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысы заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін қоғамдық бақылауды да күшейтуді  тапсырды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.