Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгереді

0 21

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (МҚІА) төрағасы Анар Жайылғанова 2020 жылдың желтоқсанында мемлекеттік қызметке кіру рәсімдерін жетілдіру бойынша жаңа тәсілдер таныстырылғанын, ел президенті бастаманы қолдағанын хабарлады.
Агенттіктің алқа отырысында «Бұл тәсілдерді еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенге дейін (2021 жылғы 1 шілдеге дейін) пилоттық режимде сынақтан өткізу жоспарланған. Тұтастай алғанда, тәсілдер мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін және факторлық-балдық шкаланы синхрондауды көздейді, іріктеу құралдарының мазмұны қайта қаралды. Бұл ретте процестің үш сатылығы сақталды: тестілеу, құзыреттерді бағалау, сұхбаттасу. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамын күшейтуге ықпал ететін болады», – деген Анар Жайылғанова 2020 жылы жекелеген саяси лауазымдарға біліктілік талаптарын белгілеуді көздейтін жарлық қабылданғанын, бұл талаптар тиісті білімді, жұмыс тәжірибесі мен құзыреттілікті қамтитынын да атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.