Елімізде электронды техника қымбаттайды

0 15

Бұған электронды техниканы өндіретін және импорттайтын компаниялардан алынатын авторлық алым себеп болып отыр екен. Ол  туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында айтылған. Авторлық құқық елімізде 1996 жылы тек аудио-видеожазбаларды көшіріп басуға тыйым салу мақсатында бекітілген. Бүгінге дейін көлеңкеде қалған талапты үкімет қайта жаңғыртпақ.

Мамандардың айтуынша, бұл бірінші кезекте кәсіпкерлерге салмақ болады. Жақында тәуелсіз аудиторлар нарыққа зерттеу жүргізіпті. Тұрмыстық электронды құрылғылардың басым бөлігі тек интернеттегі немесе теледидардағы контентті көру үшін қолданылады екен. Сауалнамаға қатысқандардың 84 проценті авторлық контентті рұқсатсыз көшірмейтіндерін айтқан. Мамандар қазір ғаламтордағы аудио-видеожазбалардың табысы жарнама арқылы түсетіндіктен оны көшіріп сату тиімсіз деп отыр. Ал авторлық алымды қосу электронды техниканың бағасын қымбаттатады.

– Компьютер немесе телефонның бағасы 100 мың теңге десек, авторлық алым үшін 400 теңге қосылады. Республикалық көлемде бұл үлкен қаражат. Мысалы, өткен жылғы тауар айналымы 500 млрд теңге болса, аталған алым көлемі 5-6 млрд теңге болады. Бұл қаражаттың басым бөлігі шетелдегі авторларға кетеді, отандық авторларда оннан бір бөлігі ғана қалады. Оған қоса авторлық қоғамның 30 проценттік қызмет көрсету құны қосылады, дейді бұл туралы «Катэкс» қауымдастығының төрағасы Сергей Архипкин.

Leave A Reply

Your email address will not be published.