Елімізде жаңа мерекені бекіту ұсынылды

0 4

«Қазақстандық спортшылар одағы» қоғамдық бірлестігі елімізде жаңа мейрамды бекітуді ұсынды.
«Біздің елде көптеген кәсіби мерекелер атап өтіледі: мұғалімдер күні, энергетиктер күні, қаржыгерлер күні т.б. Өкінішке орай, күнтізбеде әлі күнге дейін спорт жаттықтырушылары күні жоқ. Спорт қоғамдастығының атынан спорт жаттықтырушы мерекесін күтізбеге қосуды ұсынамыз. 2021 жылы 7 сәуірде елде ұлы спортшының 150 жылдығы тойланады. Біз осы күні спорт жаттықтырушылары күнін атап өткеніміз дұрыс деп санаймыз», – дейді кәсіподақтың баспасөз қызметі Азамат Қарлығашев.
Ұйымның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта мереке бейресми түрде 30 қазанда аталып өтіп келеді екен. Енді спорт жаттықтырушысы күнін 7 сәуірде – көрнекті спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған күінне бекіткенді жөн санайды.
Бұл бастаманы қазақстандық спорт ардагерлері қолдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.