"Шамшырақ"

Елімізге қандай мамандар қажет?

Written by Aray2005

Мамандық таңдау – қазіргі талапкерлердің басты мәселесі десек артық айтқандай болмас. Оларды мазалайтындығы қай мамандықтар қоғамда сұранысқа ие және болашақта жұмыс табыла ма деген ой. Болашақта кейбір мамандықтар жойылып, жаңа маман иелеріне деген сұраныс пайда болатыны шындық. Бұған қоғам мен техниканың ықпалы болуы әбден мүмкін. Сонымен әлеуметтанушылардың жүргізген зерттеулері бойынша болашақта сұранысы артатын кейбір мамандықтарға тоқталуды жөн көрдік.

Келешекте ғаламдық еңбек нарығында және болашақ мамандық таңдауда бәсекелестікте ақпараттық технологияларды, есептеу техникасын және программалауды кәсіби меңгерген мамандар ұтымды орын алатыны күмән келтірмейді. Осы бағытта Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының базасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында 6В06102 — Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және 6В06101 – Информатика білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындалуда. Қос мамандықта бүгінгі қоғамда үлкен сұранысқа ие.
Ал ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша бітірген түлектеріміз автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, деректерді басқару сияқты салаларды меңгереді. Олар программалаушы, компьютерлік дизайн, WEB-программисі, (UML & Java) объектіге-бағытталған программалау, кәсіпкерлік-құрылымдарда және басқару ұйымдарында деректер базасын жобалаушысы, есептеуіш және компьютерлік орталықтарда, компьютерлік желілер жүйелік администраторы, криптография облысында, компьютерлік желілер қауіпсіздігі және қорғау облысындағы мамандығына ие бола алады. Осы салалардың дамуы еліміз экономикасының қарқынды дамуына үлкен мүмкіндіктер береді. Себебі, IT-технологиялар қоғамның барлық саласын түгелдей қамтиды.
Елбасы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелестікке қабілеттілік сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады.

М.Онгарбаева,
ТИГУ-дың «Ақпаратты коммуникативтік технологиялар» кафедрасының меңгерушісі,
А.Шырақбаев, доцент

ПІКІР