Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

0 1

Облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасына қарасты «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернар Есіркеповтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, аталған басқарманың 2018 жылғы атқарған жұмыстары мен ағымдағы жылдың жоспарлары айтылды.

Басқосуда Ернар Серікәліұлы басқармада мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2018 жылы 157 кәсіпорын мен мекемелер тексерілгенін айтты. Нәтижесінде еңбек заңнамасының талаптарын бұзған жұмыс берушілерге оларды жою туралы 75 нұсқама беріліп, 150 заңбұзушылық фактілері анықтала отырып, оның 147 фактісі жойылған. Сонымен қатар басқарма тарапынан 66 әкімшілік шара қолданылыпты. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 6,06 миллион теңгені құрап, оның 5,3 миллион теңгесі өндірілген.
Есепті кезеңде 12 кәсіпорында 2472 жұмыскер алдында 514,4 миллион теңгенің жалақы қарызы бары анықталған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2279 жұмыскердің еңбек саласындағы құқығы қорғалып, 440,3 миллион теңге жалақы қарызы өтелген.
– Өткен жылы 53 арнайы комиссия құрылып, тексерулер жүргізілді. Барлық тергеп-тексеру материалдары ішкі істер органдарына жолданған. Бұл көрсеткіштер 2017 жылмен салыстырғанда 37 пайызға төмендеп отыр. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен еңбек қатынастарын заңдастырмай жұмыс жасап жүрген азаматтарды формализациялау жұмыстарын аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерімен бірлесіп, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқтау тапсырылған болатын. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдармен үй-үйді аралау барысында осы санаттағы 63828 азамат анықталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 48635 азамат қамтылып, оның ішінде 4249 жұмыскермен еңбек шарттары жасалынды, – дейді Е.Есіркепов.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.