Енді клубы жоқ ауыл болмайды

0 4

«Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек», – деген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сай еліміздің әр өңірінде мәдениет пен өнерді қолдау жұмыстары айрықша қарқын алды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында саланың дамуына жаңа серпін беру, мәдениет қызметкерлерін қолдау мақсатында Үкіметке нақты тапсырмалар берді.

Жолдау жүктеген міндеттер Жамбыл облысында да жүйелі жүзеге асуда. Елді мекендерде мәдени нысандар салу бойынша кейінгі жылдардың өзінде қыруар жұмыс атқарылды. 2021-2025 жылдар аралығында облыс бойынша 36 елді мекенде мәдени нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Өткен жылы 5 мәдени нысан пайдалануға беріліп, бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсетуде.
2021 жылға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына республикалық бюджеттен қаржы бөлу мақсатында
7 мәдени нысанның құрылысын жүргізуге тізім қалыптастырылды. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қалыптастырылған тізімге сәйкес, Жамбыл ауданындағы Өрнек ауылдық (140 орындық) мәдениет үйінің құрылысына 202,0 миллион теңге және Шу ауданындағы Қонаев ауылдық (180 орындық) мәдениет үйінің құрылысына 328,3 миллион теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу конкурсына берілді.
Сондай-ақ Жуалы ауданындағы Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінің құрылысы 2020 жылы басталып, биылғы жылдың 1-жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарлануда.
Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының тапсырмасына сай 2021-2025 жылдар аралығында облыс бойынша елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасы бойынша алдағы уақытта жоспарлы жұмыстар жалғасын табады.

Ілесбек АМАЛОВ,
облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және
құжаттама басқармасы басшысының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.