Енді шетелдіктерге жер жалға да берілмейді

0 8

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында  Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев жер шетелдіктерге сатылмайтындығын кесіп айтты. Сондай-ақ жер шетел азаматтарына жалға да берілмейді.

 «Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды. Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет. Сондықтан мен мынадай нақты шешімдер қабылдадым. Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Енді Президент Әкімшілігі дәл осы мәселеге қатысты  тиісті заң жобасын әзірлеуі қажет.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.