Еріктілер ерен еңбектің үлгісін көрсетті

0 20

Елімізде «Волонтерлер жылы» деп жарияланған өткен 2020 жыл еріктілердің нағыз өздерін көрсететін кезең болды. Әсіресе елді әбігерге салған пандемия кезінде олардың қоғам үшін атқарған еңбегі орасан зор. Қиын кезеңде өңірдің түрлі волонтерлік ұйымдары бірігіп, күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп, жергілікті тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетті. Төтенше жағдай кезінде «Әулиеата жастары» волонтерлық штабында өз еркімен 717 ерікті қызмет атқарды.

Олардың көмегімен 9 352 адамға азық-түлік қораптары үлестірілсе, 2023 адамға дәрі-дәрмек жеткізіліп берілді. Олар сонымен бірге, тұрғындарға 100 000-нан аса тегін маска таратып, 1743 жалғызілікті қариялардың тұрғын үй шаруашылықтарына көмек көрсетті. «Қазпошта» АҚ облыстық филиалымен бірлесіп 65 жастан асқан азаматтарға зейнетақысын үйге жеткізіп беру қызметін ұйымдастырып, барлығы 2 мыңнан астам адамға зейнетақы мен жәрдемақысы үйлеріне жеткізіліп берілді.

Ағымдағы жылы елімізде эпидемияға байланысты карантин жарияланған күннен бастап волонтерлер күнделікті қала тұрғындарын өз денсаулықтарына салғырттық танытпауға шақыру, бетперде мен антисептиктік заттарды қолдану, қоғамдық, адамдар көп шоғырланған орындарға бармау немесе арақашықтықты сақтау, «COVID-19» пандемиясында белгіленген санитарлық режимді түсіндіру мақсатында қаладағы ойын-сауық орталықтарын, кафелер, асханалар мен мейрамханаларға, т.с.с мекемелерге 15-тен астам рейд-тексеру жұмыстары өткізіліп, 30 мың дана ақпараттық бүктемелер (буклет, флаер) мен медициналық бетперделер таратылды. Шараға 100-ден аса ерікті тартылып, 550-ге жуық нысанға рейд жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.