Есепке алу-тіркеу тәртібі – тұрақты қадағалауда

0 8

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2021 жылдың өткен кезенінде Жамбыл облысы бойынша қылмыстық қудалау органдарына 13755 қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен өтініштер түскен.
Ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатына азаматтардың арыздары мен хабарламалары, қылмыс құрамының болмайтындығы қылмыстық қудалау органдарымен кей жағдайларда қаралмайтыны.
Бірақ оның арасында қылмыстық құдалау органдарымен негізсіз қаралмайтын шағымдарда анықталып жатады.
Атап айтқанда кез-келген құқық бұзушылық туралы хабарлама ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, қаралуға жатады.
Тіркелген хабарлама, арыз, шағым бойынша қылмыстық құдалау орган қызметкерлерімен төмендегі шешімдердің бірі қабылданады, олар;
-сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін (бұдан әрі- СДТБТ) тіркеу, қараусыз қалтырылды және номенклатуралық істе (нарядта) сақталады,
-Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 181-бабының 5-бөлігіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жолданады,
-кінәлі адамды әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды тұлғаға) жолданады,
-кінәлі адамды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды тұлғаға) жолданады,
-АЕК-на қоса тіркеу, -СДТБТ-не қоса теркеу ,
-жеке тәртіпте қарау үшін сотқа жолданды,
-аумақтық тиесілігіне,
-ішкі ведомстволығына қарай жолданды,
-аумақтылығы,
-ведомстволық бағыныстылығы бойынша қабылданды,
-салықтық тексеру актілерінде ұйымдардан салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болмауына байланысты қайтарылды,
-тексеру жүргізбей басқа қылмыстық қудалау органына беріледі.
Жоғарыда көрсетілген шешімдер тек негізді түрде қабылдану керек , бірақ кейбір жағдайларда хабарламалар қылмыс құрамы болсада қараусыз қалып жатады.
Осыған байланысты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетімен 2018 жылдың 28 наурызынан бастап Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде (әрі царай-СДТБТ), «Автодозвон» функционалы қосылып, жұмыс атқарылуда.
«Автодозвон» функционалы, автоматтандырылған телебот арқылы, қылмыстық қудалау органымен арыз бойынша қабылданған шешімді, арызданушыға хабарлай отырып, арызданушы қабылданған шешіммен келісетінін немесе келіспейтінін нақтылайды.
Арызданушы қылмыстық қудалау органымен қабылданған шешіммен келіспейтін жағдайда, аталған мәлімет СДТБТ жүйесінде көрсетіліп, заңдылығы прокурормен тексеріледі.
ҚР БП ҚСжАЕАК Жамбыл облысы бойынша Басқармасымен (әрі қарай-Басқарма) 2020 жылдың өткен кезеңімен «Автодозвон» функционалы бойынша мониторинг жүргізу арқылы, қылмыстық қудалау органдарымен қабылданған шешіммен келіспейтін 550 тұлғалардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, Тараз қаласының полиция қызметкерлерімен негізсіз номенклатуралық істе сақталуға жолдау арқылы есептен жасырылған 1 қылмыс анықталды.
Яғни, 07.01.2020ж. Тараз қаласының полициясына, «Р» есімді азамат, белгісіз тұлға қоғамдық монша ішінен, оған тиесілі ұялы телефонымен ақшалай сомасын жымқырғаны бойынша арызданған.
Басқарма қызметкерлерімен жүргізілген қарсы тексеру барысында, полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша арызды қараусыз қалдырып, номенклатуралық істе сақталуға жолдау туралы негізсіз шешім қабылдағаны анықталды.
Сонымен, аталған дерек Басқармамен СДТБТ-не негізсіз номенклатуралық істе сақталуға жолдау арқылы есептен жасырылған қылмыс ретінде тіркелді.
Осыған байланысты қылмыстық қудалау органның шешімімен келіспеген жағдайда Сіздерге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасына 8 (7262) 54-24-42 байланыс телефонына хабарласуыңызға болатынын хабарлаймыз.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті

Leave A Reply

Your email address will not be published.