Ескертуді елемегендер жазаға тартылады

0 0

Елімізде қауіпті індетке байланысты төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Осыған байланысты облыста ірі сауда объектілерінде және жеке орналасқан кинотеатрлар, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары, көрмелер, фитнес-оралықтары мен жаттығу залдар және басқа да адамдар көп жиналатын ойын-сауық объектілерінің жұмысы уақытша тоқтатылып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандәулет Кенжебеков коронавирустың елімізде де таралуына байланысты қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс істеуі шектелгенін жеткізді. Талапты бұзушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 476-бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе он бес тәулікке дейін қамаққа алу және Қылмыстық Кодекстің 304-бабына сәйкес екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын да айта кеткен жөн.
– Жарлыққа сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағындағы азық-түлік базарлары, азық-түлік супермаркеттері, шағын маркеттер, дүкендері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, күнделікті режимде жұмыс істейтін болады. Бұл жерде сатып алушыларға қолжетімді нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдер тек оралған түрде сатылуы керек. Санитарлық дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, киім-кешек базарларына сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеу шектеуі қойылады. Сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан дәріханалар, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендер жұмысын жалғастырады және санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып жұмыс істей береді, – дейді Жандәулет Несіпбекұлы.
Жиында Ж.Кенжебеков Жарлықта көрсетілген шектеулерге байланысты Тараз қаласы мен барлық аудандарда жұмысшы топтар құрылып, бизнес субъектілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын да тілге тиек етті.

Шынболат Сейдуалиев

Leave A Reply

Your email address will not be published.