Еуропадағы ең биік жанартау оянды

0 7

Сицилия аралында орналасқан Биіктігі 3 мың 330 метрлік  отты Жанартау  оңтүстік-шығысындағы баурайынан бір шақырымдай биіктікке күл шашып, ыстық шоқпен атқылаған. Олар жақын маңдағы бірнеше ауылға жеткен. Салдарынан Катания қаласы және айналасында күлді жаңбыр пайда болып, ондағы  Фонтанаросса әуежайында төтенше жағдай жарияланып, қауіпсіздік мақсатында барлық рейстер тоқтатылды. Жапа шеккендер туралы әзірге ақпар жоқ.

Айта кетейік, Этна – Еуропадағы ең биік жанартау. Ол өзінен жақын жатқан «қарсыласы» Везувий жанартауынан 2,5 есе асып түседі.

2017 жылы отты таудың атқылауынан 10 адам жарақат алған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.