"Шамшырақ"

Функционалдық сауаттылықты арттыру – уақыт талабы

Written by Aray2005

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік  бағдарламасы   аясындағы   нысаналы индикаторлардың негізгі  бағыттары болып Қазақстанның білім сапасын халықаралық  зерттеулердің PISA нәтижелері  бойынша жасалған рейтингтері көрсетілген. Қазақстан халықаралық  салыстырмалы зерттеулерге қатысуы елдің білім  сапасын дамытуда стратегиялық маңызы зор.

PISA  Халықаралық бағдарламасы  оқушылардың оқу  барысында  алған  білімдері мен  дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу  машықтарын, нақты  бір  оқу  пәндерімен тікелей байланысты  емес  мәселелерді   шешу  біліктіліктерін бағалауға  бағытталған.

Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.      РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.

Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну-қолдану-жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Функционалдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалаудың маңызы ерекше. Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі. Оқушылардың бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

PISA зерттеулеріне  қатысудағы қазақстандық қатысушылардың көрсеткіші  жалпы  білім  беретін мектеп  ұстаздарын мықты пәндік  біліммен  ғана қамтамасыздандырып, бірақ оларды  шынайы, өмірлік  жағдаяттарда қолдана білуге  үйретуді көздейді.

Бүгінгі таңда  білім  беретін  мектептерде PISA   халықаралық  зерттеулерге сәйкес мәтінді түсіну мен оқу бойынша оқушылардың   функционалды  сауаттыллығын  дамыту  мен бағалауды  қалыптастыруда.

Жанар Кошкимбаева,

«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ

«Білім беру процесін  педагогикалық психология сүйемелдеу»

кафедрасының аға оқытушысы

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші(негізгі) деңгей. 2012ж.

  2.Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және оқыту ізденіс оқыту ретінде: оқушылардың сынтұрғысынан  ойлауын дамыту нысандары мен әдістері. — Қарағанды, 2011ж.

ПІКІР