«Гүл сыйлашы маған…»

0 0

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен ерекше шара өтті. Тараздық ерікті жастар көшеге шығып, жұмысшы әйелдерді мерекелерімен құттықтап, гүл сыйлады. Сондай-ақ белсенді жастар көлік жүргізуші қыз-келіншектердің де құшағын гүлге толтырды.

– Бұл шара арқылы біз – ардақты ана, аяулы аруларға құрмет көрсеткіміз келді. Әсіресе қоғамдық жұмыстарда жүрген нәзік­жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырыстық. Жоспарымызды жүзеге асыруға атсалысқан барлық тараздық жастарға алғыс айтамын, – дейді Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Абзал Есіркепов.
Өз кезегінде нәзікжандылар жастарға деген шексіз разылықтарын жеткізді.
Иә, жастардың мұндай игі бастамалары сөз жоқ бас бармақпен бағалауға тұрарлық.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.