«Газдан да электр энергиясын өндіруіміз керек»

0 14

Бүгін аппараттық кеңесте облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен  жаңартылған энергия көздерін дамытуға қатысты мәселе қаралды. Жиында аймақ басшысы   орынбасарлары мен  басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

– Бірер сағат бұрын ғана Үкімет отырысында жаңартылған энергия көздерін дамыту мәселесі талқыланды. Жалпы бұл бағытта облыста жаман жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Жел, су, күн секілді жаңартылған энергия көздері арқылы 332 МВт электр энергиясын өндіру аз емес. Республика бойынша жақсы көрсеткіш. Дегенмен облыстың мүмкіндігі жоғары. Қазіргі нәтижемен тоқтап қалмай, мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білуіміз керек. Бес жылдан кейін жаңартылған энергия көздерін ең кем дегенде 630 МВт-қа жеткізуіміз керек. Бұл жалпы өңірдегі өндірілетін энергия көздерінің 50 пайызын құрайтын болады. Ал ол үшін инвесторлар тартып, бірігіп жұмыс жасауымыз керек,–деді Б.Сапарбаев.

Сондай-ақ Бердібек Машбекұлы тек жел, су, күннен ғана емес газдан да электр энегиясын өндіру керек екенін баса айтты.

Талғат Нұрханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.