Газет тарихы

«Жамбыл облыстық «АРАЙ» жастар газеті редакциясы» ЖШС 
Директор-Бас редактор – Масат Әшімұлы Берік

Жамбыл жастарының газеті 2005 жылдың 13 қазанында облыс басшылығының тікелей қолдауымен дүниеге келді. Небары 12 жылдық тарихы бар басылымда бүгінде облысқа, елімізге танымал шығармашыл жастар еңбек етіп, қанат қақты.

Газет оқырманға жол тартқан алғашқы күнінен бастап оған белгілі жазушы, драматург Болат Бекжанов басшылық етсе (2005-2011), одан кейін елге танымал қаламгер Оралхан Дәуіт (2011-2012), алғашқы тілшілік жұмысын осы басылымнан бастаған Гүлнұр Ембердиева (2012-2017) бас редактор болды. Ал, 2017 жылдың ақпан айынан бері редакцияны облыстық мәслихаттың депутаты Масат Берік басқарып келеді.