«Гламурный» қызға

0 0

Жапырақ байлап жүретін заман,
Бүгінгіден сәл тәуірлеу ме еді?..
Кіндік пен етек түретін жаман
Әдет бар туған дәуірлеудегі.

Қарындас тоқта, сөзіңді бөлем,
Бастасаң жаман әлден үйтуді.
Ашық та шашық өзіңнің денең,
Киіндіріпсің қанден итіңді.

Батысқа ауып іңкәрің еркем,
Алыпты жаулап Голливуд деген.
Сен бұлай етсең ұрпағың ертең
Жүретін шығар «голый» бұтпенен.

Ескертсе біреу шақ етесің-ау,
Шайпауыз, шаһар тоқалдан әрмен.
Ұятың қайда, а көкешім-ау,
Қазақ қыз сұлу атанған армен?!

Тыртитпай тәнді киіндіріп қой,
Бұзып кетеді сайтан адамдар.
Қатын тағдыры қиын трюк қой,
Қыз жағдайында қайталамаңдар!

Асхат ҚЫЛЫШБЕК,
айтыскер ақын

Leave A Reply

Your email address will not be published.