Головкин: «Бұрынғы қарсыластарыма қарағанда Альварестің тәжірибесі әлдеқайда мол»

0 8

Қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альварестің барлық қарсыластардан несімен ерекшеленетіні туралы айтты. Боксшыдан DAZN стримингтік платформасы сұхбат алды. Головкин «Канело» оның мансабындағы ең тәжірибелі қарсылас болды деп санайды. «Бұрынғы қарсыластарыма қарағанда Альварес тәжірибесі әлдеқайда мол. Оның шеберлігі жоғары деңгейде болды. Барлық шеберлік, күш, жылдамдық, дайындық, жастық – мұның бәрі оны басқа қарсыластардан ерекше етеді», – деді GGG.
Айталық, бұған дейін Головкин мен Альварес шаршы алаңда екі рет кездескен болатын. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды. Екінші шайқаста қазақстандық былғары қолғап шебері есе жіберді. GGG-дің мансабындағы алғашқы жеңілісіне себепкер болған – Сауль Альварес. Бірақ көптеген жанкүйер мен сарапшы төрешілер шешімін даулы деп санайды.
2013 жылы мексикалық боксшы Флойд Мейвезерден ұпай санымен жеңіліп қалған еді. Еске салсақ, бокс жайлы жазатын шетелдік сайттың маманы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді мансабын аяқтауға шақырды. Ол GGG-дің қандай проблемалары бар екенін, оған қоса неліктен оның спорттан кеткені жөн екенін айтты. Джошуа Айсард отандасымыздың кезекті мәрте жеткен жеңістеріне және орта салмақтағы әлем чемпионына екеніне қарамастан, «қолғабын шегеге ілетін кез келді» деп санайды.

 

Sports.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.