Grammy иегері – Иманбек «Вечерний Ургантта» қонақта болды

0 6

«Грэмми» сыйлығының иегері, қазақстандық Иманбек Зейкенов «Вечерний Ургант» бағдарламасында қонақ болып, өзі және жоспары туралы айтты.

«Грэмми» алғаннан кейін ұйықтадым. Ол кез Қазақстанда таңғы уақыт болатын. Оянғанымда, телефоныма 90-ға жуық қоңырау болыпты. Олардың арасында Қазақстан Республикасының Президенті де болған шығар. Таңертең Instagram-да отырсам, Мемлекет басшысы мені құттықтағаны туралы жаңалықтар шықты, қатты таңғалдым», – деді ол.

Иманбек туған қаласы Павлодар облысы туралы Ақсу туралы айтты. Оның сөзінше, онда 70 мыңға жуық адам тұрады. Ол бұл әлемдегі басты ферроқорытпа зауыттарының бірі орналасқан металлургтер қаласы екенін ерекше атап өтті. «Скриптонит Ленинскийде тұрған кезде біздің арамыз 15 минуттық жол ғана болды», – деп жауап берді ол Урганттың сұрағына.

Иманбек SAINt JHN-дің Roses ремиксін жасауға екі жарым сағаттай уақыт жұмсағанын айтты. Сондай-ақ, SAINt JHN оны жеңісімен құттықтағанын атап өтті.

«Ол (SAINt JHN – авт. еск.) маған кеше Instagram-да direct-те жазды, мені мақтады. Мақтап қана қоймады. Бейәдеп сөздер бар. Оны айтпағаным абзал. «Біз олардың бәрін…» деген секілді», – деді ол.

Иван Ургант қазақстандық музыканттан алдағы жоспарлары туралы сұрады. «Сізбен жұмыс істеу үшін кезек құрылған шығар. Мәскеуге бекер келмедіңіз, келіссөз жүріп жатқан болар. Элджей шығар сол», – деді ол.

«Лехамен «Грэммиге» дейін де бірге трек жасауды жоспарлағанбыз», – деді Зейкенов.

Сұхбат соңына қарай Иван Ургант эфирде айтылғанның бәрі орындалатынын мәлімдеді, себебі былтыр қарашадағы шығарылымда ол Иманбекті «Грэмми» жеңіп алғанымен құттықтағанын еске салды. «Мен 30 рет «Грэмми» алатынымды айтыңызшы», – деді Иманбек.

«Құрметті достар, Иманбек таяуда 30 рет «Грэмми» алатыны ешкімге құпия емес», – деді Иван Ургант.

Tengrinews.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.