II Елизавета патшайымның оныншы шөбересі дүниеге келмек

0 5

Британдық ханзада Гарри мен оның жары Меган Маркл тағы да ата-ана атанбақ. Ерлі-зайыптылар екінші сәбиін күтіп жүргені белгілі болды. Бұл туралы олардың ресми өкілі хабарлаған.
Гарри ханзада мен Меган Марклдың отбасы жақында тағы бір сәбимен толықпақ. Белгілі актрисаның екінші перзентіне аяғы ауыр екені туралы ақпаратты ерлі-зайыптылардың өкілі бірқатар БАҚ өкілдеріне өзі жеткізген. «Жақын арада Арчидің (Гарри ханзада мен Меган Марклдың ұлы) аға атанатынын растай аламыз. Сассекс герцогі пен герцогинясы екінші сәбиін күтіп жүргенін аса бақытты» , – деп мәлімдеді ерлі-зайыптылардың өкілі People басылымы мен Sky News телеарнасына. Гарри ханзада мен Меган Марклдың жақын досы әрі фотографы болып келетін Мисан Харриман әлеуметтік желіде жұлдызды жұптың ерекше суреттерімен бөлісті. Фотода герцогиняның аяғы ауыр екені байқалады.
Телеарнаның хабарлауынша, ерлі-зайыптылардың болашақ сәбиі британдық таққа сегізінші болып кезекке тұрады. Сонымен қатар, ол II Елизавета патшайымның оныншы шөбересі болмақ. Гарри мен Меган 2019 жылдың алтыншы мамырында алғаш рет ата-ана атанған болатын. Бүгінде олардың тұңғышы Арчи екі жасқа толып қалды. Ал 2020 жылдың қарашада New York Times басылымына сұхбат берген актриса шілде айында екінші баласынан айырылып қалғанын хабарлап, өзінің жан сырын ақтарған еді. Сассекс герцогинясының баласы түсіп қалған.

 

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.