Иманбек Зейкенов тағы бір марапатқа ие болды

0 0

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) Billboard Awards жүлдесінің иегері болды. Бұл туралы музыкант Instagram-парақшасында жариялады.

Иманбек Зейкенов Saint JHN-ның Roses әніне жасаған ремиксі үшін «Үздік электрон ән» номинациясында марапатқа ие болды.

«Billboard Awards марапатын алдым. Ол да Grammy сияқты, тағы бір сыйлық қанжығада», деп жазды музыкант.

Billboard Music Award – музыкалық чарттардағы үздік жетістіктері үшін америкалық музыкалық баспа Billboard басылымы беретін музыкалық сыйлық.

Айта кетейік, осы композиция үшін Иманбек Зейкенов Grammy алған болатын.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.