Індетпен күресте кәсіпкерлердің үлесі зор

0 5

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы азаматтың тіркелгеніне де бір жылға жуық уақыт өте шықты.

Бұл аралықта карантин талаптары күшейіп, азаматтар қоғамның көптеген игіліктеріне қол жеткізе алмай қалмағанын баршамыз көзбен көрдік. Осындай қысылтаяң шақта кәсіпкерлер қауымы күш біріктіріп, індетпен күреске сүбелі үлес қосты. Бірі емдеу мекемелеріне қажетті құрылғылар мен қондырғыларды алып берсе, енді бірі карантинде жатқан азаматтарды ыстық-тамақпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік жеткізумен айналысқандар да болды.

Аталған шаралар ретін елімізде төтенше жағдай жарияланған наурыз айында облыстық іскер әйелдер кеңесі бастап кетті. Ұйым облыстық мейрамханалар мен қонақ үйлер және «Шеберлер мекені» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ассоциацияларымен бірігіп медициналық маскалар тігіп, оларды көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен зейнеткерлерге таратса, мұқтаж ұйымдарға санитарлық-гигиеналық құралдарды тегін жеткізіліп берді. Ал бүлдіршіндер үйіне азық-түлік, жууға қажетті құралдар және тіпті балаларға арналған жөргектер де үлестірілді.

Тараздықтар үшін кәсіпкер Алтынай Бекенованың әрекеті ерекше есте қалды. Ол өзінің «Алтын-ай» тігін ательесінде мерекелік демалыстарға қарамастан жұмыс істеп, бетперде тапшылығын болдырмау үшін 4 мың медициналық масканы тегін таратты.

Бұдан бөлек, тараздық жомарт жандар демеушілігімен облыс орталығында арнайы іріктеліп алынған 100 мұқтаж жан карантин аяқталғанша тегін тамақпен қамтылды. Сондай-ақ, Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, облыстық мәслихат депутаты Е.Саурықов, «АКМ group» компаниясының жетекшісі, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Ш.Үсенбаев, «Пырақ-Құрлыс» серіктестігінің төрағасы Т.Жолтаев және «Үміт» мейрамханасының жетекшісі Л.Гаюпова сынды азаматтар карантинге жабылған тұрғындар мен блок-бекеттерде кезекшілігін атқарған қызметкерлерге тұрақты түрде ыстық тамақ жеткізіп отырды.

Індеттің нағыз күшіне мінген шағы – шілде айының кезінде де жамбылдық жомарт жандар қарап жатпады. Мәселен, Қазақстанның Еңбек Ері және Жамбыл облысы ҚХА мүшесі, «Казфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров 38 миллион теңгеге облыстық инфекциялық ауруханаға  өкпені қолдан тыныстандыратын 10 аппарат сатып алып берді.

Ал «Talas Investment Company» ЖШС бас директоры Б.Алдашов «Біз біргеміз» қорына 100 миллион теңге аударды. Жамбыл облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы инфекциялық ауруханадағы дәрігерлер, медбикелер мен санитарларға 100 адамға күнделікті түскі ас жеткізіп, ӨЖЖ аппаратының 12 данасына тапсырыс берді. «АК Алтыналмас» АҚ 25 миллион теңгеге Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының тұрғындарына азық-түлік, дәрі-дәрмектер, «Golden Compas Jambyl» ЖШС 24 миллион теңгеге Меркі, Т.Рысқұлов аудандарына 2 аппарат, «Еурохим тыңайтқыш» ЖШС Жаңатас қаласы ауруханасына 22 миллион теңгеге 1 аппарат, қажетті медициналық құрал-жабдықтар, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС 20 миллион теңгеге дәрі-дәрмектер мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Облыстық мәслихатының депутаты Ғ.Сағынтаев 9 миллион теңгеге 15 концентратор аппаратын сатып алып, облыстық инфекциялық және аудандық ауруханаларға берсе, «Altais Group» ЖШС басшысы Ә.Жұмабаев 15,5 миллион теңгеге 16 палатаға оттегі трубкаларын, концентратор аппараттарын алып, тұрмысы төмен отбасыларына дәрі-дәрмектер таратты.

Сонымен қатар, «Әмір және Д» ЖШС, «Көкжиек-2030» ЖШС, «Суперфарм» ЖШС, «Жамбылдың цемент өндіруші компаниясы» ЖШС секілді кәсіпорындар мен кәсіпкерлер (барлығы 38 адам) ауруханалар мен әлеуметтік осал топтарға қолұшын созып, қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сатып әперді. Бұл жолы бас-аяғы 338 миллион теңгенің жәрдемі жеткізілді.

Сондай-ақ, облыс аудандарындағы «NOMAD MMA» федерациясының президенті Гаджи Гаджиев, «Дәмді тағамдар» ЖШС-ның төрағасы Ғани Каримов, «Сауда сервис» ЖШС директоры Аманбек Қойшыбеков, «Нұрлы-Солар» ЖШС директоры Нұрлан Капенов, «Зылиха» шаруа қожалығының жетекшісі Керімқұл Бегалиев, жеке кәсіпкер Нүрилә Мәлібекова, «Ынтымақ» шаруа қожалығының мүшесі Жеңіс Малдыбеков, жеке кәсіпкер Әсима Шекеева, «Бағлан» шаруа қожалығының жетекшісі Қ.Жүнісбеков, «Жігер-2004» ЖШС директоры  Елікбай Байбосынов, «Monterro Qazaqstan» компаниясының өкілі Мұрат Мырзақұл секілді кәсіпкерлер мен «Қаратау» ТКӨК, «Алтын Орда» ЖШС, «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС өкілдерінің көрсеткен көмегі көпшіліктің есінен кетпейтіні анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.