Инфекция жұқтырғандардың саны артуда

0 0

22 сәуір күні облыста коронавирустық инфекцияның 6 жаңа жағдайы тіркелді. Олар 1979, 1976, 1984, 1982, 1983 және 1989 жылы туған Тараз қаласының тұрғындары. Анықталғандай, олардың барлығы бұған дейін коронавируспен ауырған науқастармен жұмыс орны бойынша байланыста болған.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді.

Ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шаралары жүргізілді. Барлық жақын байланыста болған адамдар карантиндік стационарға оқшауланды.

22 сәуірдегі жағдай бойынша облыс аумағында коронавирустық инфекцияның 76 жағдайы тіркелген, оның ішінде Таразда – 24 жағдай, Байзақ ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында – 33, Меркі – 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Сондай-ақ, «Дели-Тараз» әуе рейсінің жолаушылары арасынан алты оқиға анықталса, екі дерек Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасында орын алған.

Жалпы, өңірімізде 31 науқас емделіп, стационардан шығарылды. Олардың барлығы үй карантинінде медициналық бақылауға алынған.

Бет қатталып жатқанда: Облыс аумағында коронавирус инфекциясын тағы бір тұрғынның жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы өңірде науқастар саны 77 адамға жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.