Індеттен келер жылы құтыламыз

0 16

Әлемнің коронавирус инфекциясынан қашан құтылатыны белгісіз. Бірақ ғалымдар індеттен құтылудың барлық амалын жасап бағуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропалық аймағы бюросының басшысы Ханс Клугенің болжамы бойынша пандемия 2022 жылдың басында аяқталатынын көрінеді. Ол бұл мәлімдемені Данияның DR телеарнасына берген сұқбатында айтқан. Халықаралық ұйым өкілінің сөзіне сүйенсек, тәжтажал биыл да өз күшіне енгенімен, адамдар оған сәтті тойтарыс бере алады. Осылайша өткен жылға қарағанда жағдай біршама жақсармақ.
22 ақпандағы ДДСҰ мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде COVID-19-ды 110 974 862 адам жұқтырған, оның ішінде 2 460 792 адамның өліміне осы індет себеп болған. Науқастардың тіркелуі жағынан АҚШ, Үндістан және Бразилия әлем елдері арасында көш бастап тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.