Инвесторларға сервистік қолдау тәулік бойы көрсетіледі

0 1

Қазақстанда Call-center арқылы инвесторларға сервистік қолдау тәулік бойы көрсетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

 

Сонымен қатар компания мамандары шетелдік бизнеске визалық қолдау, инвестициялық келісімшарт жасасуға жәрдемдесу және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында заң жағынан қолдау көрсетеді.

«2020 жылы инвесторлардың 2 279 өтініші қаралды. Оның ішінде 1438 қоңырау қабылданды, 587 жазбаша және ауызша кеңес берілді, инвестициялық преференцияларға 44 өтінім, сондай-ақ визалық және көші-қон мәселелері бойынша 126 өтініш қаралды», деді басқарма төрағасы.

 egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.