Ипотеканы онлайн рәсімдеуге болады

0 9

Енді ел азаматтары ипотека рәсімдеуді онлайн жүзеге асыра алады. Бұл жұмыс небәрі 30 минут уақытты алады.

Altyn Bank пен BI Group холдингі ипотека рәсімдеу про­цесін бірлесіп цифрланды­ру туралы келісім жасасты. Altyn Bank басқарма төр­аға­сының орынбасары Жанар Ай­қымбаеваның айтуынша, клиенттерді идентификациялау жұмыстары 2017 жылдан бері жүргізілген.

– Банк – қадағаланатын ұйым, оның өзіндік процестері бар екені белгілі. Біз бұл про­цестерді барынша жеңіл­детуге тырыстық. Ең бастысы өнімді алу клиент үшін ыңғайлы болуы тиіс. Бұл бастама клиенттің уақытын ғана емес, ақшасын да үнемдейді. Яғни азаматтар ипотеканы онлайн рәсімдеу арқылы банк комиссиясын төлемейтін болады, – дейді банк өкілі.

Ипотеканы онлайн рәсім­деуді қалаған азамат алдымен BI Group сайтында өтініш қалдырады. Ол өтініш автоматты түрде банкке жіберіледі. Банктің оң шешімі шыққаннан кейін клиент ЭЦҚ кілті арқылы қол қоя алады. Алғашқы төлем­ді де банк картасы арқылы тө­леуге болады.

Бұдан кейін мемлекеттік органдағы үлестік қатысу ке­лісім­шартын күтіп, мобильді қосымшада тіркеуден өтіп, ЭЦҚ-қосымшасының көмегімен барлық банк құжат­тарына электронды түрде қол қою қажет. Осының бәрін жиып-тергенде бес күн уақытты алады.

Бағдарлама шарты бойынша 12 айға дейін 0,1 пайыздан бастап немесе 20 жылға дейін 13,5 пайыздан бастап несие рә­сімдеуге болады. Ең жоғарғы займ сомасы – 35 млн теңге.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.