Ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды

0 10

Жамбыл облысының Полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараның қонақтары ішкі істер органдарының ардагерлері, тыл еңбеккерлері болды.

Ардагерлер және қызмет бабында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер Жамбыл облысы Полиция департаментінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

— ІІО ардагерлері мен полицейлер өз өмірлерін Отанымыздың игілігі жолындағы қызметке арнайды деп сеніммен айтуға болады. Олардың жұмысы ауыр, сондықтан еңбегіне қарай әрқашан лайықты бағаланады. Осы тұрғыда, адал қызметі үшін барлығына алғысымды білдіргім келеді! — облыстық Полиция департамертінің бастығы Жанат Сүлейменов.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні әскери дәстүрлердің сабақтастығын дәлелдейді. Ұлы Отан соғысының майдан даласында қаза болғандар арада қанша жыл өтсе де, бізге аянбай қызмет етудің үлгісі болып қала бермек. Біз жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктеріне әрдайым бас иеміз және мәңгі есте сақтаймыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.