Іскер әйелдер қауымдастығы белсенділік танытуда

0 1

Өңірдегі іскер әйелдер қауымдастығы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің мәжіліс залында кезектен тыс Президент сайлауы қарсаңында кездесіп, осынау саяси науқанда белсенділік таныту мәселесін талқылады.

Сайлау еркін таңдау жасауға жол ашып, еліміздің саяси тұрғыдан тұрақты бола түсуіне оң серпін тигізеді дейді басқосуға қатысушылар.
– Кемеңгер басшы – кемел келешектің кепілі. Бәрінен биік халық өз көшбасшысын сайлап, жаңа белеске бірлікпен қадам басады. Ең бастысы – ел ішіндегі тыныштық пен бейбітшіліктің тұрақтылығы, тәуелсіздік тұғырының берік болуы маңызды. Үндеуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сайлаудың демократиялық принциптерге сүйене отырып ұйымдастырылатынын және әділ өтетінін мәлімдеді. Сондықтан ел тағдырын сеніп тапсыратын Президентті таңдайтын алдағы сайлауда барынша белсенді болып, азаматтық ұстанымымызды білдіреміз деген ойдамын, – деді облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, денсаулық сақтау саласының ардагері Тұрсынкүл Әшірбаева.
Дөңгелек үстелде ТарМПУ-дың аға оқытушысы Талас Ибрагимов, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының жетекшісі Гүлдара Нұрымова да өздерінің сайлауға қатысты ойларын білдірді.

А.Орынбасарқызы

Leave A Reply

Your email address will not be published.